«Бойдақтар» фильмінің жұлдызы «АSTANA» ІІ кинофестиваліне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бойдақтар» фильмінің жұлдызы «АSTANA» ІІ кинофестиваліне қатысады

«Бойдақтар» фильмінің жұлдызы «АSTANA» ІІ кинофестиваліне қатысады

«Бойдақтар» («Холостяки») фильмінің жұлдызыЕвгений Стычкин «АSTANA»2-ші халықаралық кинофестиваліне қатысады,деп мәлім етті кинофестивальдің бас директоры Ирен Ванидовская.

  • 25 Мамыр 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Ресейлік жұлдыздардан алғаш рет Тимурдың(Бекмамбетов – ҚазТАГ)достарыЕвгений Стычкин, Ольга Сутулова, Сергей Светлаковкеледі», — деп хабарлады бас директор Ирэн Ванидовскаясәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Голливуд жұлдыздары туралы айтпай-ақ қояйық, олар туралы екінші баспасөз мәслихатында білетін боласыздар», — деді И. Ванидовская.

Евгений Стычкин «Самоубийцы» (2011), «Москва, я люблю тебя» (2010), «Король Лир» (2006), «Мустанг» (2006)фильмдеріндегі рольдерімен белгілі.Ресейлік актер 60-тан аса киноға түскен.

И. Ванидовскаяның ақпаратына сәйкес, актер және шоумен С. Светлаков Тимур Бекмамбетовтың студиясы түсірген «Воспитанник» фильмін таныстырады.

«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі 1-5 шілде аралығында өтеді. Оған АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД елдерінің 20 толықметражды картинасы қатысады. Кинотуындыларды «Хан Шатыр» көңіл көтеру орталығында көрсету жоспарланған. «ASTANA» халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің президенті — Тимур Бекмамбетов.

Бірінші кинофестиваль 2010 жылы өтті.

Перейти к новостям спорта