Тікелей эфирде форум туралы айтып тұрған тележүргізушіні белгісіз ер адам сүйіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.
КТК телеарнасының күндізгі жаңалықтар эфирінде елордалық бюроның тілшісі Данара Жұманова форум туралы айтып тұрған. Осы кезде оған белгісіз ер адам таяп келіп, бетінен сүйіп алды.
Бұл жағдайға қарамастан, журналист өзін бірақалыпты ұстап, тікелей эфирді жалғастырды.
Айта кетсек, он бірінші Астана экономикалық форумы 17-19 мамыр аралығында елордада өтіп жатыр. Форумда әлемнің 24 елінен 450 спикер сөз сөйлейтін болады.
Оқи отырыңыз:
Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар
Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі
Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты