Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Рамазан айында Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде күн сайын 100 адамға ауызашар дастарханы жайылады.

  • 18 Мамыр 2018
  • 91
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Мешіттің бас имамы Жолдас Бердімұратовтың айтуынша, қасиетті Рамазан айында мәдени-рухани шаралар көптеп ұйымдастырылады.

«Қазақ дәстүрлі қоғамында ораза ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай, оразаның мұстахабын орындау үшін шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында ауызашарға шақыру дәстүрге айналған. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да оразаның сауабын арттыратын амалдар», — дейді Жолдас Бердімұратов.

Еске сала кетейік ,биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері ҚМДБ-ның Төралқа мүшелерінің шешімі бойынша 300 теңге болып бекітілді.

«Пітір садақаны тек ақшамен ғана емес, бидай, құрма, мейіз, арпа құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретін болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Яғни, жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде әр аймақтың бидай бағасына қарай 1 келі 625 граммның құнын беру керек», — дейді бас имам.

Мешіттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жыл «Дін және отбасы жылы» болып бекітілгендіктен, Рамазан айында мешіттерде отбасы және қайырымдылық тақырыптары бойынша уағыздар оқылады.


«Павлодар облысы бойынша өкілдігі дін қайраткері, ақын, ойшыл, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл толуы құрметіне арнап облыс мешітінің жамағаттары, жастар арасына Мәшһүр Жүсіптің діни еңбектерін насихаттаған мақала жазудан бәйге ұйымдастырады. Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдары арасына Мәшһүр Жүсіптің даналық ойлары мен сөздерінен кеңінен пайдаланған діни уағыз жазудан бәйге жүргізіледі», — дейді қызметкерлер.

Соңғы жаңалықтар