Жарияланды: 810

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты

Белгілі блогер, Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты естелікпен бөлісіп, желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Өзімнің туған күнім қарсаңында бала күнімнен бірнеше сурет жариялайын дедім. Қатты өзгеріппін бе? Бірінші суретте (авт. әкесімен түскен сурет) “куси” жасап тұрмын, ол “күлші” дегенді білдіреді. Суретке түсірмес бұрын маған солай айтатын”, – дейді Айсәуле.

Бұл орайда желі қолданушылары Бақытбек Есентаевтың суретін көргенде қуаныш әрі өкініш сезіміне бөленгендерін жазуда.

“Әкеңізбен түскен суретті көріп, жылап қалдым. Сіздердің отбасыларыңызға ешқандай қатысым жоқ негізі. Әкеңізді жақсы көріңіз, көзі барда онымен араласып тұрыңыз. Басымнан өткеннен кейін айтып отырмын. Барлығының осылай аяқталғаны өкінішті. Ал сіз әлі де сондай нәзік әрі сұлусыз”, – дейді Ұлжан Мырқасым есімді оқырман.

“Есентаев Бақытбек аға ерғой ол кісі! ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының тумасы,шығыста туған көк бөрі.Ол кісінің осындай жағдайда жүргені жанымызға батады. Аман-есен оралып, жақсы жар кездестіріп шал болғанша бақытты болсын! Әумин”, – деп ақжарма тілегін жеткізді келесі оқырман.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін