Алматылық кәсіпкер берген парасынан 20 есе көп айыппұл төлейді

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне пара бермек болған кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кассалық аппараты мен POS-терминалы жоқ кәсіпкер департамент қызметкеріне 30 мың теңге пара берген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен кәсіпкерге 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті пара алған немесе пара беруге итермелеген лауазымды тұлғалар болса +7 707 413 59 22 нөміріне немесе uvb_dgdalmaty@mail.ru поштасына хабарлама қалдыруды сұрайды.


Оқи отырыңыз:

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев 

Баланың мәйіті қоштаспақ болған әкесінің қолын жібермей қойды