Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев . - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев .

Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев .

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа оқулық» жобасымен жарық көрген алғашқы 18 оқулықтың тұсаукесер рәсімінде ««Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығын қорытындылады.

  • 12 Сәуiр 2018
  • 84
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz  хабарлады. 

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаламның шыққанына 1 жыл болды. 1 жылдың ішінде асыққанымыз да жоқ, көштен қалғанымыз да жоқ. Бірте-бірте барлық саласын іске қосып келе жатырмыз. Өзім қадағалап отырмын. Себебі бұл бағдарлама елімізді біріктіріп, түйістіріп барлығын бір салаға салғандай болды. Халқымыз осыны түсінді, білді, бірікті, дұрыс деп санады», — деді мемлекет басшысы.

Ол латын әліпбиіне көшу Қазақстан халқы үшін теңдесі жоқ оқиға деп санауға болатынын айтты.

«Тәуелсіздіктің 26 жылындағы жетістіктерді айта берсең көп. Дегенмен бәрі шоғырланып келгенде біз үш нәрсені айта аламыз. Бірінші, Қазақстан әлем қауымдастығының төрінен орын алған ел болды. Бұл қазақ тарихында бірінші рет болып отыр. Қазір Қазақстанды білмейтін ел де, жер де жоқ. Басқа елдермен дәрежесі де, терезесі де тең. Қазақ халқы өз ойымен өз санасымен елордасын тігетін жерді таңдап Астананы тұрғызды. Барлық өткен басшыларымыз, хандарымыз осындай қала салу арманына біз жеттік. Ел шекарасын шегеледік, дәурен салдық, елдің әл-ауқатын көтердік. Ал үшінші ешкімнің ықпалынсыз тәуелсіз, егемен ел ретінде ешкім бізді мәжбүрлемей өз еркімізбен әліпбиімізді, жазуымызды таңдадық», — деді ҚР Президенті.

Оқи отырыңыз:

Баланың мәйіті қоштаспақ болған әкесінің қолын жібермей қойды
Әйелдер көлік сатқанда ерлерге қарағанда аз өтірік айтады
Головкин атағынан айырылып қалуы мүмкін
Соңғы жаңалықтар