Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметіндегілер айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 278-баптың 2-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше экспертиза тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетсек, оқыс оқиға 2018 жылдың 4 сәуірінде 12 ықшам ауданының №19 үйінде болды. Әйел лифтке үш жасар баласымен бірге кірген. Дәрігер мамандардың айтуынша, ол лифт кабинасына толық кіріп үлгермеген. Осыған қарамастан лифт төменгі қабатқа қарай жылдам жүріп кетіп, аяғын жұлып әкетті. Әйел оқыс жағдай болған жерде қайтыс болды. Дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы, дені сау.
Ұқсас тақырыптар: