Астанада жөндеу көрмеген лифттер қауіп төндіре бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жөндеу көрмеген лифттер қауіп төндіре бастады

Астанада жөндеу көрмеген лифттер қауіп төндіре бастады

Астанада жөндеу көрмеген лифттер қауіп төндіре бастады. Өткен түнде көпқабатты үйлердің біріндегі осындай жеделсатыда от тұтанып, бірнеше пәтер тұрғындары  абыр-сабыр күйге түсті.   

  • 6 Қаңтар 2012
  • 425
Фото - Caravan.kz


 Зауре Жұмаділова:

— Шығайық деп едік, мына жерде түтін,  мүмкін емес, сосын балконға барып тығылдық. 80 жастағы кәрі шешеміз бар.  Өрт сөндірушілер келіп, газдан сақтайтын маска кидіріп  алып шықты. Әйтпесе өлуші едік, улы газдан.

Лифттегі өрт алтыншы қабаттан басталған. «Жөндеу көрмей, жүргенінен тұрғаны көп, сондықтан бұл жерден бір қауіптің болатынын сезіп жүрдік» —  дейді тұрғындар.  Пәтер иелері кооперативі мен апатқа қарсы қызметтің өкілдері лифттің жағдайын осы уақытқа дейін бір-біріне ысырып келіпті. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тілсіз жаудың нақты неден шыққанын тексеріп, шығын көлемін анықтауда.  Алдын ала жасаған болжам  бойынша, лифтте өрт салмақ шамадан тыс болғанда, қысқа тұйықталу кезінде немесе қасақана жағып кетуден болуы мүмкін. Түнгі  сағат үштер шамасында болған өрттен екі адам улы түтінге тұншығып,  ауруханаға жеткізіліпті.   

Соңғы жаңалықтар