Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушыларға 24 маусым күні Нұра-Есіл каналының аңғарында, Пригородный кентінің аймағында балалардың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген.
Іздеу жұмыстары бүгін, 25 маусымда өз нәтижесін берді.
«Таңертең, 5 сағат 17 минутта «Пригородный» тұрғын үй алабының аумағында, Нұра-Есіл каналынан балалардың денесі табылды», - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Қаза тапқан балалар 9, 12 және екеуі 11 жаста болған.
Ведомствода нақтылағандай, олар 24 маусымда шомылуға арналмаған жерде суға ағып кеткен. Балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған.
Руслан Иманқұловтың ақпараты бойынша, әрі қарай тергеуді полиция жүргізеді.
Оқи отырыңыз:
"Күнде Әзірет-Сұлтан мешітіне барып тіледім": Қыдырәлінің ұлы ҰБТ-дан 128 ұпай жинады
1 шілдеде дүниеге келген әрбір тұңғыш сәбиге домбыра сыйлыққа беріледі
Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған