Жарияланды: 1900

"Күнде Әзірет-Сұлтан мешітіне барып тіледім": Қыдырәлінің ұлы ҰБТ-дан 128 ұпай жинады

"Күнде Әзірет-Сұлтан мешітіне барып тіледім": Қыдырәлінің ұлы ҰБТ-дан 128 ұпай жинады

Биыл Қарақат пен Қыдырәлінің ұлы да 11 сыныпты бітірді. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Сүйінші ! Қасиетті оразада сәресіден кейін күнде Әзірет-Сұлтан мешітіне таң намазына барып тілеген тілектерімнің бірі,-өзі берген перзенттерін тіл-көзден,бәле-жаладан,жаман адамдардан,ауру-сырқаудан,қауіп-қатерден,жол апаты,су апаты,от апаттарынан сақтап,жүректерін иман нұрымен нұрландырып,сүйікті құлдарының қатарынан қылып,салиxалы ұрпақтан етіп,әр перзентінің бақытын көрсетіп,қол жайған әр мұсылманының тілегін қабыл етіп,отбасыма,туған туыстарыма,әр отбасына екі өмірдің абырой-бақытын бер...,-деп күнде,көп тіледім.

Пендеміз ғой,өмір сынағынан,оқу сынағынан аман-есен өткізіп,абыроймен өткізіп,өзің қорған болшы деп тіледім. Алла xақ! Алла естіді,соңғы күндері уайымдап,Қарақатым екеуміз өте алаңдадық. Балалары мектеп бітіріп, ҰБТ тапсыратын әрбір ата-ана түсінеді мені...Міне бүгін Алматыдан келе салып, баламның ҰБТ-ны 128-баллмен тапсырғанын естігенде құшақтап тұрып,жас балаша жыладым...Мейірімді Аллаға сансыз мадақ! Әр отбасына осындай Бақыт тілеймін! Шын жүрегімнен осындай бақыттан ғана жылауларыңызды тілеймін! Ұзағынан сүйіндіргей!", деп жазды Қыдырәлі Болман қуанышты хабармен бөлісіп. 

Оқи отырыңыз:

1 шілдеде дүниеге келген әрбір тұңғыш сәбиге домбыра сыйлыққа беріледі

Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін