Бір ұрып құлатам сені: Эфирде шаш жұлысқан қыздар жұрттың ашуына тиді

Телеарналарды ашып қалсаң болды, бейәдеп сөз айтқан қыздар, мәдениетсіз шоулар алдыңнан кесе көлденеңдеп шыға келеді. Жұрт «Қалаулымнан» құтыла алмай жүргенде «Кел, келінім» көрсетіле бастады. Мұнда қыздар жігіт үшін таласқа түсіп, төбелесуге дейін барады екен.

Дәл эфир уақытында сөзге кеп қалған қыздардың бірі екіншісіне «Бір ұрып құлатамын сені. Тыныштал деймін саған» деп жекіп, жанына жетіп келеді. Қарап қалғысы келмеген екіншісі де онымен шаш жұлысып, төбелесе кетеді. 

Желі қолданушылары ұлттық менталитетімізге сай келмейтін бұндай бағдарламаларды жабуды сұрап отыр.

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты