Ер адам табиғи емес бір түрлі жұмыртқаны видеоға түсіріп алған. Өзінің пікірі бойынша күдік туғызады, деп хабарлайды ИнАктау. Видеода аршылған жұмыртқаның сарысы каучуктан жасалған доп сияқты секіреді. Оңайлықпен жарылмайды. Ал қолмен үгітсең сағыз сияқты жабысады. Бұл жағдайдан сезіктенген ролик авторы алдында жатқан жұмырта Қытайдан жеткізілген қолдан жасалған өнім деп болжады.
ИнАКтау тілшісі роликті қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасына жібереді. Видеоны көрген мамандар жұмыртқа әдеттегі таза өнім.Ал сарысының доп сияқты секіруі тым қатты пісірілгендіктен деп топшылады.
Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы бастығының орынбасары Асима Тұрдиева Маңғыстау аумағында Қытай жұмыртқалары сатылмайды деп атап өтті.
- Біз барлық материалды көтердік. Аймақта Қытайда өндірілген жұмыртқа жоқ. Қазақстанда тек отандық және ресейлік құс фермаларының жұмыртқалары ғана сатылады. Бұған қоса біз барлық қажетті сынамаларды алдық. Өнім стандартқа сай келеді,- деді ол.
ИнАктау тілшісі жұмыртқаға қатысты өзі тәжірибе жасауды жөн деп тапты. Видеодан көрініп тұрғандай оның сарысы алғашқы видеодағыдай доп сияқты секіреді.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбелік құрылысшы: Құм тиеп жатқанда адамның бас сүйегі домалап, артынша алтын бұйымдар төгілді
Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады
Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты