Жарияланды: 470

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

Жанна Ахметова әлі күнге дейін қызының өліміне сене алмай жүргені туралы жазды. 

Мәскеуде ММХҚИ-дің төртінші қабатынан құлап көз жұмған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова қызы туралы жазба қалдырып, жұртты жылатты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанна Ахметова әлі күнге дейін қызының өліміне сене алмай жүргенін айтты. Егер қатты күтсең, ол міндетті түрде қайтып келеді, дейді марқұм Томирис Байсафаның анасы.

“Менің өмірімде жаңа бағыт пайда болды… күнделікті. Мұндайды ойлап көріппін бе? Бұл жағдайдың қалай орын алғанын әлі де түсіне алар емеспін.

Мен сонда барамын, сол орынды көремін. Бәрі-бір оның қайтып келетініне сенемін. Ол жай ғана оқуын оқып жатыр. Ол міндетті түрде қайтып келеді. Егер қатты күтсең… Ал мен оны бұрын ешкімді күтпегендей күтемін. Күтемін. Менің ауам. Менің барым”, – деп жазды Жанна Ахметова Instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін