Жарияланды: 30

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Елорда әкімдігінің «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС «Астана – менің Отанымның елордасы» арнайы жобасының аясында Алматы облысының балалары үшін Астана қаласы бойынша үш күндік саяхатты ұйымдастырды.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

50 бүлдіршін елорданың мәдени және тарихи орындарын аралап, кәсіби гидтер жүргізген ойын-сауық бағдарламасы мен экскурсиялық шараларға қатысты.

Айта кетейік, «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік жобасы 4 маусымда басталып, 2018 жылдың тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Осы уақыт аралығында Астанада ел өңірлерінің жетім-балалары, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлығы 1 000 жеткіншек болып қайтпақ.

Сапар барысында балалар елорданың көрікті орындары мен Дельфинарий, Океанариум, Джунгли сынды ойын-сауық нысандарына саяхаттап, «Есiл-Астана» кеме экскурсиясына қатысатын болады.

Экскурсияларды ұйымдастыруға, балаларды тамақтандыру мен баспанамен қамтуға кететін шығынның барлығын өз мойнына Астана қаласының әкімдігі алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін