Forbes Головкиннің табысын есептеді

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең қымбат табыс табатын 100 спортшының жаңа рейтингін құрастырды. Онда атлеттердің жарты жылда тапқан табысы көрсетілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 72-ші орында тұр. Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда GGG 25 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қаражаттың 23 миллионы - соңғы өткізген екі жекпе-жектен түскен табыс, ал қалғаны жарнамадан түскен қаржы. 

Бұл тізімге тағы үш боксшы енді. Спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер 285 миллион доллар табыс тауып, рейтингте көш бастады. Сауль Альварес 15-ші (44,5 миллион), ал ұлыбританиялық Энтони Джошуа 25-ші (39 миллион) орынға жайғасты. Толық тізімді мына жерден көре аласыз.

Forbes рейтингінің үздік ондығы мынадай:

1. Флойд Мейвезер (бокс) - 285 миллион доллар (275 миллионов - жалақы, 10 миллионов - жарнама);

2. Лионель Месси (футбол) - 111 миллион (84+27);

3. Криштиану Роналду (футбол) - 108 миллион (61+47);


4. Конор МакГрегор (аралас жекпе-жек) - 99 миллион (85+14); 

5. Неймар (футбол) - 90 миллион (73+17)

6. ЛеБрон Джеймс (баскетбол) - 85,5 миллион (33,5+52);

7. Роджер Федерер (теннис) - 77,2 миллион (12,2+65);

8. Стефен Карри (баскетбол) - 76,9 миллион (34,9+42); 

9. Мэтт Райан (америкалық футбол) - 67,3 миллион (62,3+5);

10. Мэттью Стаффорд (америкалық футбол) - 59,5 миллион (57,5+2).

Оқи отырыңыз:

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты