Назарбаев қазақстандықтарды қытай тілін үйренуге көп көңіл бөлуге шақырды

Қазақстанда қытай тілін үйрену өзекті мәселе болып тұр, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Today.KZ "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қытай тіліне көп көңіл бөлу керек. Қытай экономика бойынша және аймақ бойынша ірі серіктесіміз болып жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында өткен оқулықтар презентациясында.

Сонымен қатар, президент биыл тағы бірнеше шетелдік оқулықтарды аударуды ескеру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде, "қазақ жоғары оқу орындары үшін орыс тіліне аудару өте маңызды", – деді ол.

"Біздің студенттердің ең үздік әлімдік стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл оқулықтарды орыс тіліне аудару бізге қиындық тудырмайды", – деп қосты Президент.

Айта кетейік, Астанада "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы өтті.

Назарбаев қазақ халқы әлемге өз мәдениетін, өз тарихын паш еткісі келетінін, бұған ешкім таңғалмауы тиіс екенін айтты. 


Сондай-ақ дін өкілдеріне әлемдік діндердің шығу тарихын оқуға кеңес берді. 

Мемлекет басшысы Қазақстанда білім сапасын жақсарту мақсатында университет саны қысқаруы мүмкін екенін жеткізді. 

Назарбаев білім сапасын да сөз етті. 

Оқи отырыңыз:

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев 

Баланың мәйіті қоштаспақ болған әкесінің қолын жібермей қойды