БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша департамент сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Болжамға сай, 2015 жылмен салыстырғанда шамамен 30 жылдан соң Ресей халқы 20 миллион адамға азаяды.
Росстат дерегінше, өткен жылы Ресейде туу көрсеткіші 10 пайызға төмендеген. Бұл соңғы он жылдың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Елде әлі күнге дейін халықтың табиғи азаюы жалғасып жатыр. Росстат болжамынша, азаю үрдісі одан бетер күшейе түседі.
Қазіргі кезде Ресейде өмір сүру ұзақтығы 72,5 жас. Сарапшылар бұған дейін өмір сұру ұзақтығының төмен болуын көп көлемде ішімдік ішумен, дұрыс тамақ ішпеу және қозғалмайтын өмір сүру салтымен байланыстырған еді.
Мамыр айының басында Ресей президенті Владимир Путин ресейліктердің өмір сүру ұзақтығын 2024 жылы 78 жасқа дейін жеткізуді тапсырды. Путин үкіметтен дене шынықтырумен айналысатын және салауатты өмір сүру салтын ұстанатын ресейліктер санын 55 пайызға дейін көбейтуді талап етті.
Оқи отырыңыз:
Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар
Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі
Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты