Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Геннадий Головкинмен рингте жекпе-жекке шықсам, мен үшін мәртебе болар еді. Мен өзімнен мықтыларқа қарсы тұру машығым мен талантымды тексеріп көру үшін орташа салмақ дәрежесіне көтерілдім. GGG – 160 фунттағы біріктірілген чемпион, сондықтан мен онымен жекпе-жекке шыққым келеді. Әлемді қайран қалдыратын кез келді», - деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына.
Қазіргі уақытта Невада штатының мемлекеттік спорт комитеті ақпан айында допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен мексикалық боксшы Саул Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Сол себепті оның Головкинмен болатын жекпе-жегі әлі белгісіз күйде қалып отыр. Соңғы шешім 18-сәуір күні айтылады, ал жекпе-жек 5-мамыр күніне жоспарланған.
Оқи отырыңыз:
Головкинге 5 мамырдағы жекпе-жекке қосалқы жоспар ретінде "Канелоның" бауыры ұсынылды
Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды
Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты
Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отырГоловкин "Канелоны" жеңетініне сенімді