Жарияланды: 700

Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отыр

Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отыр Сурет - sports.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің уәдесіне қатысты жауап берді.

Альварес екінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіруге сөз берген. Алайда Леффлер оның мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады Vesti.kz.

"Канело" Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді. Бірақ бұл мүмкін емес, егер сен үнемі кері шегінетін болсаң. Біз де көреміз, Альварес расымен де сөзінде тұрар ма екен. Көпшілік "Канелоның" жастығы өзінен жасы үлкен Головкинді жеңуге көмектеседі деп айтып жүр. Бірақ Геннадийдің соққысы қарсыластарын үнемі кері шегіндіреді. 16 қыркүйекте өткен жекпе-жекте бірінші рет көрдім, Альвареске ысқырып, наразылық білдірілді және бұл төрешілердің шешіміне ғана қатысты болған жоқ. Көпшілігі оның стилі мен жұдырықтасу мәнеріне наразылықтарын білдірді. Ешкім ешқашан оның 12 раунд бойы осылай көп қимылдағанын көрген емес. Альварестің тактикасы әлемнің ең үздік панчерлерінің бірінен қорғану ғана болды", - деп келтірді Леффлердің сөзін secondsout.com порталы.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Закрыть