Қазақ хандығы туралы фильм түсірілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ хандығы туралы фильм түсірілмек

Қазақ хандығы туралы фильм түсірілмек

 Керей мен Жәнібек Шу, Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. Үш ғасыр тарихымыз бен ар-ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ мың өліп, мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтің белгісі десек, артық айтқандық емес.  Мерейтой Шу алқабында өткізілмек. Қазақ хандығы жайлы фильм түсірілмек.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 1453
Фото - Caravan.kz


Үкімет отырысында осы мерейтойды атап өту шаралары талқыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыстың қорытынды брифингінде белгілі болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алдағы жылдағы үлкен шара Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына байланысты болады» деді.

Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік қазіргі кезде үлкен тұжырымдама жасап, Үкімет отырысында осы құжат кеңінен талқылаудан өтті. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымға келді. Яғни, осыған сәйкес, 1465 жылы Қазақ хандығының алғаш құрылған кезі атап өтіледі. 

Қазақ хандығына байланысты ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, деректі және көркем фильмдер шығады. Оның ішінде Елбасының тапсырмасымен Қазақ хандығына арналған 20 cериялы үлкен телехикая түсіріледі. Қазіргі кезде біздің ғалымдарымыздың анықтауымен тарихымыз айқын жолға түскен кезде, әрине, біз оны көркемдік белеске шығаруымыз керек» деп қосты министр. Осы орайда ол бұл бағытта тиісті жұмыстар басталғанын айта келе, «2015 жылдың қаңтарынан бастап аталмыш сериалдарды түсіруді іске асырамыз» деді. А.Мұхамедиұлы атқарылатын шаралар негізінен үш бөлімнен тұратынына тоқталды.

Біріншісі — патриоттық бағытта, екіншісі — ақпараттық, яғни ғылыми-көпшілік бағдарламаларды, танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының мәдениеті мен өнегелі қасиеттері туралы көркем фильмдер жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату, үшіншісі — ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтиды. Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтой іс-шаралары жалғаспақ. Жалпы, келер жылы мерейтойға арналған 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, алдағы жылы мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге байланысты да барлық шаралар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өтетін болады. Аталған іс-шаралар жоспары таяуда Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітіледі.

Ал қорытынды шара Қазақ хандығының алғаш құрылған жері Шу мен Талас өзендерінің арасындағы алқапта 2015 жылғы қыркүйекте Елбасының және бірқатар шетелдік меймандардың қатысуымен өтеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар