Айдын мен Жангүл бірге ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдын мен Жангүл бірге ме?

Айдын мен Жангүл бірге ме?

Жанкүйерлердің арманы орындалып, қазақ эстрадасындағы жас әншілер бас қосуда.

  • 6 Наурыз 2020
  • 132
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әзірге, оларды табыстырған бейнебаян ғана. Жангүл есімді жас әнші "Жүрегіме", — атты әніне бейнебаян түсіріп, басты рөлді "Alar" тобының экс-әншісі Айдын Жұмахан сомдады.

Сонымен қатар, бейнебаянға Балжан Бидаш, Гауһар Сардарбек сынды танымал өнер жұлдыздары түсті.

Бұл туынды қазақ эстрадасына жақында ғана келген арудың екінші жұмысы. Және әзірге мұнымен тоқтамайтынын жақында тыңдармандарын өзгеше стильдегі әндерімен қуантатынын айтты.

Жангүлдің ғашығын сомдаған Айдын Жұмахан қазіргі таңда Түркістан облысын аралап, жеке әнші ретінде осы облыста алғаш рет концерт беруде. Көктем мерекесіне орай жанкүйерлерін ән кешімен қуантқан Айдын, аншлаг жинауда. Оған дәлел әлеуметтік желідегі видеолар.


Айдынға да, Жангүлге де сәттілік тілейміз!

Соңғы жаңалықтар