Жарияланды: 3100

Баян Есентаева: Ақботаның жігіті айыппұл төлейтін болды

Баян Есентаева: Ақботаның жігіті айыппұл төлейтін болды

“КешYou” тобынан кеткен Ақбота Сейтмағамбеттің жігіті Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы продюсер НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына телефон арқылы берген сұхбатында айтты, деп жазады Стан.кз.

«Ақботаның тұрмысқа шығатын жігітімен өзім сөйлестім. Себебі ол Ақботаның бізбен келісім-шартқа отырғанын, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін өз еркімен қол қойғанын түсінбеген сыңайлы. Сол себепті ол келісім-шартта көрсетілген сомаға сәйкес айыппұл төлейді. Егер әр қызды айыпсыз жібере беретін болсам, банкротқа ұшырайтыным анық», – деп мәлімдеді Есентаева.

Өз сөзінде продюсер топқа жаңа қыздың таңдалып қойғанын айтты.

«Біз топ құрамын ауыстырып қойдық. Бұл ел күтпеген құрам болады. Ал дәл қазір оның анық-қанығын айтпаймын. Ал «КешYou» тобы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады. Қазіргі уақытта дайындық, ән жаздыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр», – дейді Баян Есентаева.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін