Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды

Димаш Құдайберген халықаралық сыйлыққа ие болды

Өнер иесі сүйінші жаңалығымен Instagram-дағы парақшасында жазды.

  • 4 Желтоқсан 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сербияда «Karić brothers award» сыйлығына ие болды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

«Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары — Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын» деп жазды Димаш.

Соңғы жаңалықтар