Ернар Айдар емделу үшін Корея еліне аттанбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ернар Айдар емделу үшін Корея еліне аттанбақ

Ернар Айдар емделу үшін Корея еліне аттанбақ

Ернар Айдар сәуір айының ортасында жол апатына ұшыраған еді. Оқиға Шымкент-Алматы тас жолының бойында, Жамбыл облысындағы Луговой ауылының тұсында болған.

  • 10 Мамыр 2017
  • 1167
Фото - Caravan.kz


Әнші әлеуметтік желісінде сол жол апатынан кейін алғаш аяққа тік тұрғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады. Дегенмен денсаулығының әлі де толық қалыпқа келмегенін, алдағы уақытта шет елдерге барып, ем қабылдайтынын жеткізді. 

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

“Қымбатты қазақ елі! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар. Еліміздің медицинасына басымды ием, қысқа мерзімде сауығуға айтулы қадам бастырып отыр. Сіздердің маған тілеген дұғаларыңыздың қабыл болуы деп білем! Дегенмен алдағы уақытта жағдайымды одан да жақсарту мақсатында, көрші Қытай немесе Корея еліне сапарға шықпақ ойым бар. Рақмет сіздерге, менің тілекшілерім”, – дейді Ернар.

Соңғы жаңалықтар