Мереке Қалбаева - Сыныптастарым әнінің сөздері - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мереке Қалбаева - Сыныптастарым әнінің сөздері

Мереке Қалбаева - Сыныптастарым әнінің сөздері

Мереке Қалбаева тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты. 25-мамыр соңғы қоңырау мерекесіне орай өзінің сыныптастарына арнап "Сыныптастарым" әнін жарыққа шығарды. 

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 23 Мамыр 2022
  • 932
Фото - Caravan.kz

Әні: Мереке Қалбаева, Сөзі: Жандос Әлімбетов

 

СЫНЫПТАСТАРЫМ- (2022)

Көріспедік қанша жыл,
Шертілмеді қанша сыр.
Бас қосайық жылда бір,
Менің сыныптастарым.

Тақ-тақ етіп тақтада,
Бірге отырған партада,
Бірге жүрген шаттана,
Менің Сыныптастарым.

ҚАЙЫРМАСЫ

СЫНЫПТАСТАРЫМ,
Ұстазы аналарындай,
Бір үйдің балаларындай.
Себеп көп сағынатындай.
СЫНЫПТАСТАРЫМ,
Тамаша ед(і) армандарымыз,
Таудай ед(і) талғамдарымыз,
Ерекеше ед(і) салған Әніміз….

Шаш қайырып шекермен,
Сүйсе мәз боп шекеңнен.
Жігіттері джентельмен,
Менің сыныптастарым.

Трико мен жакетте,
Кітәптары пакетте.
Не жетеді сол сәтке,
Менің сыныптастарым.

(Рэп)

Бәрі әлі есімде,


Әр туған күн кешінде.
Теңге жинап тиындап,
Бардық сухой вечерге.
Басымыздан балалық,
Қызықты шақ көп өткен.
Қыздар үркіп тұрушы ед(і),
Жанып өшкен светтен.
Алтын ұя мектебім,
Түзеп талай тентегін.
Қанша қанат қақсамда,
Сенен алыс кетпедім.
Шықты қанша Дарындар,
Шықты талай Ғалымдар.
Әлі биік самғайтын,
Түлектер бар жалындар.

Қайырмасы:

 

 

Соңғы жаңалықтар