Жарияланды: 180

"Отанымды жемеңдер!" Төреғали мен "Алашұлы" тобы жаңа рухты ән орындады

"Отанымды жемеңдер!" Төреғали мен "Алашұлы" тобы  жаңа рухты ән орындады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі мен "Алашұлы" тобының жаңа бейнебаяны жарық көрді. Ән "Отанымды жемеңдер" деп аталады. Өнер иелері туындыны қазақ жеріне көз алартып отырған арандатқыштарға жауап ретінде орындаған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әннің әуенін белгілі әнші-композитор Ұшқын Жамалбек, сөзін ақын Асхат Қылышбек жазған. Клипті YouTUBE арнасынан үш күннің ішінде бірнеше мың адам тамашалап үлгерген.

"Алашұлы" тобының әншісі әрі актер Мақсат Рахметтің айтуынша, "Отанымды жемеңдер" әнін жарыққа шығармас бұрын қатты ойланыпты. Халықтың сынына ұшыраймыз ба деп, екі ай бойы жасырып келген.

"Дайындыққа екі ай кетті. Бұл жеңіл ән емес. Көпшілікке ой салатын және рух беретін ән болғанын қаладық. Ресейдің Эдуард Лимонов сияқты танымал саясаткері "Қазақстанның солтүстік аймақтарын өз мемлекетімізге қосып алуымыз қажет" деген сөздеріне ән арқылы жауап бергіміз келді", — дейді Мақсат Рахмет.

Бейнебаян желі қолданушыларына ұнаған сияқты. Олар: "Тамаша", "Жарайсыңдар!", "Қазақ болып туғаныма мақтанамын", "Бір бейнебаянның ішінде тарих та, терең мағына да жатыр", "Еліміз, жеріміз аман болсын", "Осындай рухты көтеретін әндер көбейе берсін", деген тілектерін жазған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін