Жарияланды: 640

«Құнанбай» фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

«Құнанбай» фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

3 желтоқсанда жалпыұлттық прокатқа «Құнанбай» тарихи көркем фильмі шығады. Ол ұлы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арналған, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен.

«Дарынды қазақстандық кинорежиссер, театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи көркем фильмі  прокатқа шығады»,- делінген хабарламада.

Д. Жолжақсынов «Даладағы қуғын» (1979), «Алтын күз» (1980), «Көшпенділер» (2010) және т.б. фильмдер бойынша белгілі. Оның режиссер  ретіндегі алғашқы еңбегі - «Бiржан сал» фильмі болды. Оны қазақстандықтармен қатар шетелдік көрермен жоғары бағалады. 

Фильм Құнанбай Өскенбайұлының өмірімен бірге XIX ғасырдағы елдің тыныс-тіршілігімен таныстырады. 
Көркем фильм сценарийін Досхан Жолжақсынов пен жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды.

Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл кентінде және Алматы облысында түсірілген. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін