Семейде Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауының қорытынды гала-концерті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 
Семейде Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі орындаушылар  байқауының қорытынды гала-концерті өтті

Семейде Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауының қорытынды гала-концерті өтті

2012 жылдың 10 қарашасында Семей қаласындағы Абай атындығы Мемлекеттік қазақ музыка-драма театрында Қазақстан Республикасының танымал өнер жұлдыздары Рамазан Стамғазиев, Жарқын Шәкәрім, Сәуле Жанпейісова, Нұржан Жанпейісов, Клара Төленбаева, Әділ Тұрғанбаев, Берік Омаров және республикалық байқау жеңімпаздарының қатысуымен қорытынды гала-концерт өтті.

  • 14 Қараша 2012
  • 3033
Фото - Caravan.kz

Айта кетсек, республикалық конкурсқа 26 үміткер қатысты. Олар Қытай Халық Республикасынан Тұрдыбек Басболатұлы, Еркін Закарияұлы; Астана қаласынан Нұрболат Әбілхан, Перизат Тұрарова, Омарбек Қайркелді; Талдықорған қаласынан Құралай Шаяхметова, Арафат Искаков, Екпін Толқынхан; Алматы қаласынан Талғат Абуғазы, Санат Исаев, Нариман Әбдірахманов, Өзгеріс Шерікбай, Біржан Бәзілжанов, Жасұлан Сақаев, Ұлжан Ағлақова, Жасұлан Мұсағали, Жанаргүл Сәркенова, Аяулым Мақабілқызы, Қайратбек Бектұрсын; Семей қаласынан Гүлдана Ноғайбаева, Алтын Смасеитова, Айнұр Абылқасымова; Қостанай қаласынан Талғат Молдағалиев; Тараз қаласынан Есбол Шаңбаев; Көкшетау қаласынан Назира Бейсенова; ШҚО Тарбағатай ауданынан Төлеген Шакаримов.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматы қаласынан Нариман Әбдірахманов– 500 000 теңге, І-ші орынды Алматы қаласынан Талғат Абуғазы – 350 000 теңге, ІІ-ші орынды Семей қаласынан Гүлдана Ноғайбаева, Талдықорғаннан Құралай Шаяхметова– 150 000 теңге, ІІІ-ші орынды Астана қаласынан Нұрболат Әбілхан, Алматы қаласынан Жанаргүл Сәркенова, Өзгеріс Шерікбай (Алматы) – 100 000 теңге, Дәнеш Рақышев атындағы арнайы жүлдені Тараз қаласынан Есбол Шаңбаев — 100 000 теңге иеленді.
Жеңімпаз аталған әншілерге бағалы сыйлықтар беріліп, құрмет грамоталарымен және де байқауға қатысушылар облыстық мәдениет басқармасы тарапынан алғыс хаттармен марапатталады.
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастығы Жақсалық Омардың айтуынша, халық арасынан шыққан асқан дарын иесі, ақын, әнші әрі сазгер Әсет Найманбайұлының шығармашылығы ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Осы киелі мұраны кеңінен, тереңнен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында біз бұл байқауды ұйымдастырудамыз.
Бұл байқауды өткізудегі басты мақсат — ұлы әншінің, сазгердің шығармашылықтарын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу; жастардың эстетикалық және ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету болып табылады.

Соңғы жаңалықтар