“Құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – айрықша маңызды міндет”: Президент полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – айрықша маңызды міндет”: Президент полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

“Құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – айрықша маңызды міндет”: Президент полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

  • 23 Маусым
  • 8
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын. 

Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер. 

Қазір дүние жүзі алмағайып, бұлыңғыр, яғни, өте күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет. 

Сол себепті, бүгін біз алғаш рет осындай құраммен жиналып отырмыз. Құқық қорғау жүйесіндегі барлық жауапты құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі қажет. 

Елімізде «Заң мен тәртіптің» қатаң сақталуына қоғам өкілдерінің қосар үлесі де орасан зор. Қазір осы жиынға орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, депутаттар, сарапшылар және белсенді азаматтар қатысып отыр. 

Күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның атқаратын рөлі ерекше. Сол себепті, бүгінгі басқосуға академиялардың курсанттары да арнайы шақырылды. 

Трансұлттық қылмыстық топтармен күресу үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту өте маңызды. Осы жерде бүгін шетелдік полиция атташелері отыр. Құқық қорғау органдарымен жүргізіп жатқан халықаралық ынтымақтастық жұмысы үшін Сіздерге ерекше ризашылығымды білдіремін», — деді мемлекет басшысы.