"Вайн түсіріп, шошаңдап жүргені үшін атақ алды": Жұлдызай Дүйсенбиева атақ алды деп сынаған елді орнына қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Вайн түсіріп, шошаңдап жүргені үшін атақ алды": Жұлдызай Дүйсенбиева атақ алды деп сынаған елді орнына қойды

"Вайн түсіріп, шошаңдап жүргені үшін атақ алды": Жұлдызай Дүйсенбиева атақ алды деп сынаған елді орнына қойды

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын қалай алғанын түсіндіріп берді.

  • 20 Маусым
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Актриса «Хабарlike» бағдарламасында 25 жылдық еңбегін елемеген қалың көрерменге өкпелі екенін жасырмады. 

“Атақ алғалы көп адамнан жақсы да, жаман да пікір естіп келемін. Жазылған пікірлерді ерінбей оқып шықтым. Арасында «Не үшін, құры вайн түсіріп, шошаңдап жүргені үшін бе?» дегендер де бар. Сонда олар менің 25 жылдық еңбегімді көрмеген кісілер болып тұр ғой. Шын мәнісінде, өнер адамдары атақ алса, «Бұларға не үшін береді?» деп сөйлейтіндер көп. Мысалы, мұғалімдер «біз бала оқытып жатырмыз» дейді, дәрігерлер де «біз адам емдеп жатырмыз» деп шығады. Біз де бұл мамандық бойынша білім алдық, өнерімізбен адамдарды рухани емдеп жүрміз. Сондықтан бұны да бір сала, мамандық ретінде қарап, лайықтыларын марапаттап тұру керек”, – деген пікір айтты актриса. 

Одан кейін актриса алғаш рет атақ алғандағы әсердің бөлек екенін де жасырмады. 

«Бұл атақты 25 жыл өнерде жүрген еңбегіме алдым деп ойлаймын. Әлдеқандай болып қалады екенсің. Өзіңде бір өзгеріс болады екен, әдемі жүргің келіп, ешкіммен ұрыспай… Құрысын, әзіл ғой, бұрынғы Жұлдызаймын. Десе де қазіргі тілмен айтқанда мотивация береді екен. Қанатыңа қанат қосып бергендей, үлкен жауапкершілік жүктеді. Мен мұны алатынымды білген жоқпын. Майра Ілиясова апайымыз ұсынған екен. Ол кісіге көп рахмет. Бірақ, халықтың “Біздің Жұлдызай әртіс” деген атағынан бағалысы жоқ”, – деп күлді әзіл әлемінің жұлдызы. 

Айта кетейік, Жұлдызай Дүйсенбиева сыйлыққа көлік алып, көз жасына ерік берген еді.