Жарияланды: 130

“Жаман ойым болған жоқ” Актер Аманғали Сыпабеков әнші Динаядан кешірім сұрады

“Жаман ойым болған жоқ” Актер Аманғали Сыпабеков әнші Динаядан кешірім сұрады

"Базар жоқ" театрының актері Аманғали Сыпабеков әлеуметтік желіде әнші Динаядан кешірім сұрап видео жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы "qaz.stars" инстаграм желісіндегі парақшаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті достар! Баршаңыздың алдыңызда бір себеппен видео жариялап отырмын. Инстаграм парақшама әзіл ретінде Диная ханымға қатысты пост жариялаған болатынмын. Ешқандай жаман ойым болған жоқ. Өзім пародист болғандықтан барлық өннр иелеріне жасап жүргендіктен жақсы оймен видео салған болатынмын. Диная ханым орыс тілді адам болғаннан соң ба, оны түсінбеген сияқты. Сол себепті кешірім өтінемін. Сізге шығармашылық табыстар тілеймін" -деп пародист сөзін аяқтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары: 

"Талай Назарбаевқа да, басқасына да пародия жасап жүрсіңдер ғой. Олардын алдында бұл кім болыпты","Бұндай әнші бар ма не?!","Артында тіреп тұрғаны бар да","Неге кешірім сұрайсың, сен өнер адамысың","Түсінігі жоқ шығарда","Өнер адамдары бір-бірін түсінуі керек қой, жалғыз осы мекен не Қазақстанда әнші?","Масқара, ел алдында кешірім сұратып рахаттанды ма екен","Диная деген кім?" - деп өз пікірлерін қалдырды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін