Жарияланды: 3700

Желіде елді шулатқан Ақбота Сейтмағамбеттің жігітінің суреттері пайда болды

Желіде елді шулатқан Ақбота Сейтмағамбеттің жігітінің суреттері пайда болды

КешYOU тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет ел арасында тарап кеткен әңгімелердің нүктесін қойып, сүйіктісін көрсетті. Желіде Ақбота мен белгісіз жігіттің суреттері пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде Ақботаның атынан ашылған парақшалардың бірінде әншінің белгісіз жігітпен түскен суреттері пайда болды.

«Енді жасырудың қажеті жоқ», – деп жазылған сурет сипаттамасында.

Әзірге бұл парақша Ақботаға тиесілі ме, жоқ па, белгісіз.

Сондай-ақ, аталмыш парақшада Ақботаның атынан төмендегідей жазба қалдырылған:

“Менің парақшамды белгісіз біреулер бұзып, менің атымнан түрлі қауесет, өтірік ақпарат таратқан екен. Осы бірнеше күн парақшамды қайтарумен болдым. Менің тұрмысқа шығайын деп жатқаным рас! Бірақ менің болашақ жарым Дәурен емес, мен Дәуренді ағам ретінде сыйлаймын, құрметтеймін жəне ол өте талантты актер. Болашақ күйеуіммен “Гламур для дур” филмін түсіру кезінде табысқаным да шын. Ол кім екенін əзірге айта алмаймын. КешYOU-дан жақында кетемін, өкінішке орай… Өзімнің шағын бизнесіммен айналыспақпын. Бəрі жақсы. Сіздердің Ақботаларыңыз”.

Тағы бір суреттің “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңында жасалғаны белгілі болды. Естеріңізде болса, Баян Есентаева Ақботаның өзінің болашақ жарын дәл осы фильмнің түсірілім жұмыстары кезіндекездестіргенін айтқан еді.

Айта кетейік, жұрт Ақботаны актер Дәурен Айдарқұловқа «қосып», үш баласы бар азаматпен көңіл қосқаны үшін айыптап үлгерді. Көп ұзамай Ақботаның өзі БАҚ-қа сұхбат беріп, таңдаған жігітінің өнер әлеміне еш қатысы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, жуырда Ақбота қалыңдық көйлегін көрсеткен болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін