Жылдар бойы дертпен күресіп келген ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдар бойы дертпен күресіп келген ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты

Жылдар бойы дертпен күресіп келген ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ернардың клипіне елдің сүйіспеншілігіне бөленген атыраулық ғашықтар түскен. Естеріңізде болса, 7 жыл бойы төсекке таңылған сүйіктісіне қамқор болып, одан бір адым алыст

  • 24 Шiлде 2017
  • 15878
Фото - Caravan.kz

Ернардың клипіне елдің сүйіспеншілігіне бөленген атыраулық ғашықтар түскен. Естеріңізде болса, 7 жыл бойы төсекке таңылған сүйіктісіне қамқор болып, одан бір адым алыстамаған Марлен есімді жігіт туралы бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз.

Жастай ауыр дертке шалдыққан Әнел бірнеше жыл бойы арнайы құрылғының көмегімен тыныс алған. Сүйіктісінің қолдауының арқасында 10 ота жасатқаннан кейін құлан таза айығып кеткен. Бүгінде қол ұстасқан қос ғашықтан асқан бақытты жандар жоқ. Олардың ендігі бар арманы – отау тігіп, бақытты ғұмыр кешу.


Ал жол апатына ұшырап, бір өлімнен аман қалған Ернар Айдардың кейіпкер ретінде Марлен мен Әнелді таңдап алуы бекер емес сияқты. Себебі ажалмен бетпе бет келген әнші халыққа махаббатты, өмірді дер кезінде бағалау керектігін түсіндіргісі келгендей… Ал халыққа нағыз махаббат хикаясын көрсеткен Ернарға “бәрекелдіден” өзге айтарымыз жоқ!

Соңғы жаңалықтар