23 шілдеде Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 шілдеде Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

23 шілдеде Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен найзағай ойнап, желдің ұйтқуымен жауын-шашынды ауа райы сақталады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.

  • 23 Шiлде 2016
  • 296
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да  жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде бұршақ түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында тұманды болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады.


Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар.

 

Соңғы жаңалықтар