Ақтөбеде үй қабырғасындағы Мұстафа Шоқай суреті сапасыз болғандықтан өшірілді деген ақпарат өтірік - Арман Сқабылұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде үй қабырғасындағы Мұстафа Шоқай суреті сапасыз болғандықтан өшірілді деген ақпарат өтірік - Арман Сқабылұлы

Ақтөбеде үй қабырғасындағы Мұстафа Шоқай суреті сапасыз болғандықтан өшірілді деген ақпарат өтірік - Арман Сқабылұлы

Жақында Ақтөбедегі жаңа көшеге Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі беріліп, сондағы жаңа үйдің қабырғасына үлкен портреті салынып, қанатты сөзі жазылған еді. Ал артынан сол сурет пен сөзді өшіріп тастаған.

  • 7 Маусым 2017
  • 963
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі журналист Арман Сқабылұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz

"Ақтөбеде жаңа көшеге алаштың арысы Мұстафа Шоқайдың аты беріліп, жаңа тұрғын үйдің қабырғасына суреті қашалады дегенге тұрғындар кəдімгідей марқайып қалған. Кеше əлеуметтік желілердің бірінен мына суретті көріп, басыма біреу су құйып жібергендей болды. Мұстафа бабамның əп-əдемі бейнесін əкім қаралардың бірінің бұйрығымен қайта бояп, көзден бұлбұл ұшырған. Ел ішіндегі ұзынқұлақ "ол фашистермен ауыз жаласқан" деген желеумен өшірілді деседі. Ау, ақтөбелік атқамінерлер! Мұстафа сіздерге Гитлер емес қой суретін өшіретін!.. Бұл жерде Алашым деп азапты ғұмыр кешкен Мұстафа Шоқайдың суреті болған. Оны өшірген басқа емес, біз-намыссыз ұрпақ! 
Сталинге де, Гитлерге де бас имеген, Алаштың алыбы,кешіре гөр бізді!" депті қатты ашынған журналист.

Оның бұл жазбасына көптеген желі қолданушылары қолдау білдіріп жатыр.

Кейін бұл жағдайға қатысты қала атқамінерлері түсініктеме берді. Мән-жайды ҚазАқпаратқа қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Еркін Ордабаев айтып берген.

«Суретші портретті дұрыс салмаған. Кейін оны қалпына келтіруге тырысқан екен, бірақ бояуы дұрыс болмаған екен. Жаңбырға шыдамады, портрет бүлінді. Бір жағынан, Мұстафа Шоқайдың басқа да суреттерін салуға болады ғой. Салынып жатқан үйлер көп. Барлық үйге қазақтың батырларын салуға болады. Енді ол жерге Мұстафа Шоқайдың суреті салынбайды. Бәлкім басқа бір ақынның, қазақтың батырының суреті салынуы мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, сурет салмас бұрын құрылыс компаниясы қалалық әкімдіктен рұқсат алуы керек еді. Бірақ олар бізбен келіспей, өз беттерімен шешім қабылдаған»,- деді Еркін Ордабаев. 

Алайда "портрет дұрыс салынбады" деген шенеуніктің "Енді ол жерге Мұстафа Шоқайдың суреті салынбайды" деуі тағы да түсініксіз болып тұр. Оның үстіне Арман Сқабылқұлы Фейсбуктегі парақшасына осы сурет туралы тағы да жазбасын жариялады. Онда былай делінген: "Ақтөбенің əкімдігі суретті жаңбыр шайып кетті деген ақпарат таратты. Бұл өтірік ақпарат. Әруақпен, оның ішінде Мұстафадай арыстың аруағымен бұлай ойнауға болмайды. Əкімдіктің кімнің сөзіне сүйеніп айтып отырғанын білмеймін, өз басым бүгін күні бойы суретке тапсырыс берген компанияның басшысын да, оны салған суретшіні де тауып, телефон арқылы тілдестім. Басшы жоғарының тапсырмасымен суреттің салынғанын, солардың бұйрығымен өшірілгенін растаса, суретші бояудың сапалы болғанын, ешқандай жаңбырдың оған зақым келтіруі мүмкін еместігін айтты". 


 

Соңғы жаңалықтар