Жарияланды: 12 5524

Баян Есентаева ҚызПУ ұстазын орнына қойды

Баян Есентаева ҚызПУ ұстазын орнына қойды]

Осы уақытқа дейін ҚызПУ деканы Сайраш Жиенбаева Баян Есентаева мен Нұртас Адамбаевтың экзамен сұрақтарына енгізілуіне қатысты пікір білдірген болатын. Продюсер Сайраш ханымға өзінің отбасылық өмірін реттеуге кеңес берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Баян Есентаева мен Нұртас Адамбаев туралы сұрақ тестіге енгізілген болатын. Осы жағдай жұртты шулатып, танымалдарға қатысты түрлі жағымсыз пікір айтылды. Көпшілік олардың қазақстандық балалар үшін ешқандай да үлгі еместігін тілге тиек етті. Осы жағдайға қатысты бірнеше сағат бұрын Баян Есентаева өз пікірін білдірді.

«Мен туралы сұрақтың мемлекеттік экзамендерге енгізілуі туралы жайт мені аса қызықтырмайды. Бірақ бұл жерге менің кәсіби жетістіктерім мен жеке өмірімнің не қатысы бар екенін түсінбедім. Сайраш Жиенбаева, менің дәл сіз секілді ажырасып, қайта тұрмысқа шығуға толықтай құқығым бар. Сіз үшін жеке өміріңізді халықтың талқылауы – етіңіз үйренген жағдай болуы мүмкін. Ал менің бұл нәрсеге көзқарасым тым бөлек. Маған танымалдылық кәсіби еңбегімнің арқасында келді. Асқан танымалдылығым үшін кешірім сұраймын. Бәлкім мен продюсерлік еткен Күләш Байсейітова телехикаясы туралы да айтпай-ақ қойғаныңыз жөн шығар.

Ол да Бибігүл Төлегенова және т.б. танымалдар секілді ажырасып, қайта тұрмысқа шыққан болатын. Барлығы әп-сәтте-ақ ұмтылып, адамдар тасын атуға дайын тұрады. Менің сізге қояр сауалым бар. Тюрквижн байқауында Қазақстанның жалауын сіз көтердіңіз бе? Жанар Дұғалова менің қалауым мен еңбегімнің арқасында жеңіске жеткен болатын. Мүмкін студентіңіз Кәмшат Жолдыбаева мен басқа шәкірттеріме шығармашылыққа жолды сіз салып берген шығарсыз?! «Тракторшының махаббаты», «Махаббатым жүрегімде» және т.б. телехикаяларға сіз продюсерлік еткен шығарсыз? Халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, тарихын құрметтеуге шақыратын «Қазақ Аруы» байқауын жыл сайын сіз өткізіп жатқан шығарсыз? Маған экзамен сұрақтарының арасында сіздің аты-жөніңіздің не себепті жоқ екені қызық болып тұр.

Жұмысыңыз айтуға тұрмайтын болған соң менің тегім арқылы танылғыңыз келген шығар? Қолыңыздан келді! Мен сізден кәсіби этиканы сақтауды сұраймын және өзіңізге еш қатысы жоқ біреудің жеке өміріне қол сұғудың қажеті жоқ. Менің жеке өмірімнің күл-талқаны шықты деп айтқаныңыз профессорге жараспайды емес пе?! Керісінше менің отбасылық өмірім енді дұрысталды. Енді еселенген күш-қуатымның арқасында Отаным үшін игі істер жасайтын боламын. Бұл туралы мүлдем ойланбаған да сияқтысыз. Мен өз тарапымнан сізге отбасылық бақыт тілеймін. Жеке өміріңіз дұрысталған кезде, менің өміріме қызықпайтын боласыз», – дейді Баян Есентаева.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 14 марта

Караван! Әлі осы Баянның шашбауын көтеріп, рейтинг жинаймыз деп ойлайсыздар ма?

Қонақ 14 марта

Баян дурыс аитады жеке омиринде нелериниз бар Жетеди гои

Қонақ 15 марта

баяндаи болу үшін мың өліп мың тірілу керек ақылды болсан баи бол деген бар саспа баян бас алға ешкім сені қуып жете алмаиды

Қонақ 17 марта

Қатын Баян, айтқандарың дұрыс, бірақ істеген қылықтарың дұрыс емес

Қонақ 24 марта

Дұрыс

Қонақ 24 марта

Баян дұрыс айттың,адамдардың жеке өміріне араласпауы керек,ал араласу үшін өз жеке өміріңді дұрыста

Қонақ 24 марта

Бибигуль Толегенова жане Куляш Байсеитова турмыста журiп бУян сиякты куеулерiнiн коздерiне шоп салыппа ? Тапкан екен салыстыруды акмак катын неме.

Қонақ 24 марта

Өзін салыстыратын адамдарды тапқан екен.

Қонақ 24 марта

Қазақстанда екінің бірінің жеке өмірі елдің ермегі, абыройдан бір сәтте айырылып қаласың, өзің бағаламасаң

Қонақ 26 марта

Куляш Байсеитова мен Бибигул Толегенова Баянсыз ак елге танымал . Кино тусирдим деп босип тур ма ?Казак аруын откизесын казак тилинде неге сойлемейсин ? Продюсер деген акша табу ушин ойлап табылган мамандык. Еш акысыз истеп жургендей айтты гой

Қонақ 27 марта

Олардың қасында сен кімсің?Сен күйеуіңнің көзіне шөп емес,томар салған қатынсың.Керемет болмаш.

Қонақ 28 марта

Менде комент жаза кояйын деп ашып едім,түрлі сөздерден кейін не жазарымдыда білмей калдымгой. Бүгін бармыз ертең жоқпыз ғой,өліп кеткенде қазақтың бетке ұстар қайсар қызы еді әттеген ай дер едік,көрер жарығы бар екен,сонша жарақаттан аман қалған екі қыздың анасына өзі қалаған бақыты баянды болсын дейік,еліне жасар жақсылығы мен көрсетер үлгісі көп болсын. Өз басым,Баяндай жобалар жасау мүмкіндігіне жол ашалмадым,ал Баян бәріне қол жеткізе білген адам,сол үшін де шынымды айтсам оған ризамын.

Сіздің пікіріңіз,

[X]