Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан 32 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан 32 адам мерт болды

Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан 32 адам мерт болды

Бішкек түбіндегі "Манас" халықаралық әуежайына жақын аумақта апатқа ұшыраған жүк ұшағында кем дегенде 32 жергілікті тұрғын қаз

  • 16 Қаңтар 2017
  • 601
Фото - Caravan.kz

Бішкек түбіндегі "Манас" халықаралық әуежайына жақын аумақта апатқа ұшыраған жүк ұшағында кем дегенде 32 жергілікті тұрғын қаза тапты. Құрбандардың көпшілігі ұшақ құлаған елдік мекеннің тұрғындары. Бірнеше адам жараланған. Бұл туралы Азаттыққа Қырғызстан ішкі істер министрі Куботбек Боронов хабарлады.

Қазір зардап шеккен алты адамға дәрігерлік көмек көрсетіліп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің тізімі жасалып жатыр.

"Манас" әуежайының өкілдері ұшақта жолаушылар болмағанын, қанша ұшқыш болғаны белгісіз екенін айтады.

Түркиялық Turkish Airlines компаниясына тиесілі Boeing 747 жүк ұшағы Гонконгтен Стамбулға ұшып бара жатқан. Ұшақ "Манас" әуежайынатаңғы сағат 7 шамасында жанармай құю үшін аялдамақ болған. Бірақ әуежайдан бірнеше километр қашықтықтағы елді мекенге құлаған. Апат салдарынан 20 шақты үй бүлініп, кейбірінде өрт шыққан. Ұшақ апатқа ұшыраған аймақ тұманды болып тұр.


Оқиға орнына ресми орындардың басшылығы барып, жедел жәрдем мен құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар