Дәурен Абаев Президенттен алған тәлімі туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәурен Абаев Президенттен алған тәлімі туралы айтып берді

Дәурен Абаев Президенттен алған тәлімі туралы айтып берді

«Елбасыдан көп нәрсе үйрендім, сонымен қатар осы күнге дейін тәлім алудамын». Бүгін Астанада коммуникациялық медиа-менеджмент және қаржылық сауаттылық тақырыбындағы семинарда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 658
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңіз білесіздер, мен 5 жыл бойы Президенттің жанында жұмыс істедім және Елбасыдан көп нәрсе үйрендім, сонымен қатар осы күнге дейін тәлім алудамын. Осы ретте қызықты жағдайға назар аудардым. Мемлекет басшысы пиармен айналыспайды. Президент сапалы түрде ұғындыра алады. Яғни, Елбасы әңгіме барысында барлығын түсінікті түрде жеткізеді. Бұл тұрғыда Президенттің күш-жігері халық үшін, Қазақстанның игілігіне бағытталған»,-деді министр семинар барысында.

Д. Абаев ақпараттық саясат қоғамның тыныштығы мен ел дамуының ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

«Сондықтан дәл қазір бізде де ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен бірге мемлекеттік саясатты халыққа толыққанды жеткізу аса маңызды. Бұл істе мемлекеттік органдардың, журналистердің де басты ұстанымы елдің тұтастығын сақтау, халықтың игі бастамаларына бағыттау болуы тиіс. Бүгінгі жиын осындай ортақ міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлес қосады деп сенемін»,-деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, Дәурен Әскербекұлы 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ал биылғы мамырдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметіне тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар