Екібастұздың басты көшесінде жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздың басты көшесінде жарылыс болды

Екібастұздың басты көшесінде жарылыс болды

Екібастұздың басты көшесінде 5 наурызда жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

  • 6 Наурыз 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz


Кафе маңында орналасқан аялдама құрылысында 200 миллилитрлік газ баллоны жарылған.  Жарылыс кезінде өрт болмады. Instagram желісіндегі "Полезный Экибастузец" парақшасында жарияланған суреттерге қарағанда жарылыс күшінен кафенің терезелері сынған. Жарылыс кезінде демалыс орнының қызметкерлері зардап шеккен. ТЖД мәліметі бойынша, 1979 жылы туған Владимир Лимнің екі қолы мен беті күйіп қалған. 1993 жылы туған Цой Владимир бетін күйдірген. Екеуі де орталық ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Алайда ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға салдарынан қанша шығын келгені анықталып жатыр.  
 

Соңғы жаңалықтар