Жарияланды: 167

Халықаралық сот Ресейден қырым татарларының құқығын сақтауды талап етті

Халықаралық сот Ресейден қырым татарларының құқығын сақтауды талап етті

БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық соты Украинаның шағымына қатысты шара қолданып, Ресейден қырым татарларының құқықтарын сақтауды және Мәжіліс қызметіне шектеуді алып тастауды талап етті. Ресей билігі қырым татарларының Мәжілісін "экстремистік" деп танып, оған тыйым салған еді.

Бұған қоса сот аннексияланған Қырым тұрғындарына украин тілінде білім алуға мүмкіндік жасауын талап етті.

Дегенмен Кремльдің Донбастағы жікшілдерге қолдауына қатысты Ресейге шара қолдану туралы Украина талабы қабылданбады. Халықаралық сот Киев ұсынған дәлелдерді мұндай шара қолдануға жеткіліксіз деп таныды. Гаага сотының бүгінгі шешімі аралық үкім ретінде қабылданады, өйткені Киевтің Ресейге қарсы өтініші енді ғана қарала бастайды.

Украина Ресейге қарсы шағымын Халықаралық сотқа биыл қаңтарда өткізген. Киев Мәскеуді БҰҰ-ның терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес және нәсілшілдік алалаушылықтың барлық формасын жою жөніндегі Конвенцияларын бұзды деп айыптады. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]