Маусымда азық-түлік 7 пайызға қымбаттады - министр Сүлейменов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусымда азық-түлік 7 пайызға қымбаттады - министр Сүлейменов

Маусымда азық-түлік 7 пайызға қымбаттады - министр Сүлейменов

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсті. Алайда бірқатар тауарлардың құны арзандап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 11 Шiлде 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

"Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, маусымның соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда 7 пайызға ұлғайды. Ағымдағы жыл басынан бері пияз — 81,1 пайызға, картоп — 74,9 пайызға, қырыққабат — 61,2 пайызға, сәбіз — 38,1 пайызға, сиыр еті — 10,7 пайызға өскені байқалады", — деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Министрдің сөзіне қарағанда, онымен бір мезгілде бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандап отыр. Мәселен, тауық жұмыртқасының бағасы — 26,9 пайызға, қарақұмық — 19,7 пайызға, күнбағыс майы — 7,6 пайызға, қант 1,3 пайыға төмендеді. Азық-түлік бағасының қымбаттауына бірнеше себеп бар. "Әр жылдың екінші тоқсанында тұрақтандыру қорлары азая бастайды. Ал жаңа өнімнің бағасы қымбат болады. Бұдан бөлек, биыл пияз, картоп, қырыққабат сияқты азық-түлік өнімдерін Өзбекстанға экспорттау көлемі ұлғайып отыр", — деп атап көрсетті Тимур Сүлейменов.



 

Соңғы жаңалықтар