"Молда некемізді қиып, "шаруасын" бітірген соң мені талақ етті". Жезөкшенің жазбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Молда некемізді қиып, "шаруасын" бітірген соң мені талақ етті". Жезөкшенің жазбасы

"Молда некемізді қиып, "шаруасын" бітірген соң мені талақ етті". Жезөкшенің жазбасы

Әлеуметтік желі арқылы бір жезөкшенің жазбасы таралып жатыр. Онда сексуалдық қызмет көрсетумен айналысатын қыз өзіне намаз оқитын адамның келгені туралы айтады.  

  • 5 Шiлде 2017
  • 63020
Фото - Caravan.kz


Бұны жезөкшенің өзі жазғанына күмән бар. Қалай болғанда да онда баяндалған сұмдық жағдайды Caravan.kz оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдік. 

"Біздер, әрине, небір сұмдық жағдайдың куәсі болып жатамыз. Қызметімізді пайдалануға әртүрлі мінез бен әртүрлі ориентациядағы адамдар, мастар келеді. Жиіркенішті нәрселер жасауға мәжбүрлейді. Амал жоқ, ақша үшін бәріне көнесің. Бірақ дәл мынадай жағдайды бірінші рет көруім. Бірде маған жасы қырықтар шамасындағы жүзі жылылау бір кісі келді. Әйтеуір, мас емес екен. Сонысына шүкір дедім. Мені бір сағатқа алды. Бөлмеге кіргеннен кейін күбірлеп бірдеңе айта бастады. Сөйтсем, некемізді қиып жатыр екен. Клиентім молда ма, басқа ма, әйтеуір, намаз оқитын адам болып шықты. Көрмеген пәлем жоқ болса да, дәл мынаған қатты қайран қалдым. Осылайша некемізді қиып алып барып, төсекке жаттық. Әлгі кісі бір сағат уақыты бітуге жақындай бастағанда, тағы бір нәрселерді айтып күбірледі. Сөйтсем, маған "талақ" деп жатыр екен. Қанша жерден күнәһар, ойсыз қыз саналсам да, осыдан кейін мені мынадай сұрақ мазалайды: Әлгі намаз оқитын адамның істеп жүргені дұрыс па?" деп жазыпты жезөкше.

Соңғы жаңалықтар