Оралдағы стадион құрылысы орнынан адам сүйектері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы стадион құрылысы орнынан адам сүйектері табылды

Оралдағы стадион құрылысы орнынан адам сүйектері табылды

Стадион құрылысы орнында табылған сүйектің кімдікі екенін сараптама анықтайды.

  • 28 Желтоқсан 2016
  • 585
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Оралда “Юность” стадионының құрылысы орнында адамның сүйектері табылды, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. “Бұл сүйектер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді, қазір қорытындысын күтіп отырмыз: бұл адамдардың неден және қашан қайтыс болғаны анықталады. ХХ ғасырдың басы – ХІХ ғасырдың аяғында болуы мүмкін”, — деп хабарлады Орал әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Даумов.

Бұл жерде қанша адамның сүйегі жерленгені әлі белгісіз. Даумовтың сөзіне сүйенсек, әкімшілік оқиғаның анық-қанығын анықтауда және сараптама нәтижесін күтіп отыр. Содан кейін сүйектер қайта жерленеді.


Соңғы жаңалықтар