Қазақ-өзбек шекарасында жаңа кеден бекеттері жұмыс істей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-өзбек шекарасында жаңа кеден бекеттері жұмыс істей бастайды

Қазақ-өзбек шекарасында жаңа кеден бекеттері жұмыс істей бастайды

Қазақ-өзбек шекарасында тағы екі кеден бекеті ашылады. «Сырдарья» және «Целинный» деп аталатын өткізу бекеттері аймақтағы Мақтарал ауданының аумағында орналасқан.

  • 4 Шiлде 2017
  • 261
Фото - Caravan.kz

Шымкентте бас қосқан екі елдің кеденшілері жақын уақытта нысандарды жұмысқа қосуды жылдамдату туралы уағдаласты.

Қазіргі таңда шекарада 6 бірдей кеден бекеті жұмыс істейді. Оның екеуі тәулік бойы қызмет атқарады. Ол жерлерден күніне 20 мың адам мен 400 жуық техника өтеді екен. Енді «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» өткізу пункттерінің аумағы үлкейтіліп, 24 сағат жұмыс істейтін болады. Бұған дейін әр көлік шекарадан 30-35 минутта өтсе, құрылымдаудан кейін ол 25 минутқа дейін қысқармақ. Шекарадағы оңды өзгерістер нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналымы 35-40 пайызға өскен.

Адил Мамажонов, Халықаралық кедендік ынтымақтастық бюросының бас инспекторы /Өзбекстан /:

– Менің ойымша, бұл бірінші кезекте екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады. Ал біздің елдің азаматтары үшін Батыс елдерге шығатын қақпа ашылады. Ол екі ел үшін де тиімді. Оған қоса ертеден келе жатқан бауырлас елдер арасындағы достықты нығайтып, тауар айналымын жақсартуға ықпалын тигізеді.

Асхат Исақов, МКД ОҚО тарифтік реттеу басқармасының басшысы /Қазақстан/:


– Екі жақты кездесудің тағы да бір маңызды мәселелері бағалық ақпараттар және тауар айналымының ақпараттарын алмасу бойынша келісімге қол қойылды. Бұл дегеніміз біздің кеден рәсімдеудің уақытын тездетеді және алдын-ала ақпараттар алып отырамыз. Қазақстан Республикасының сауда айналымы еселеніп өсуіне мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар