Жарияланды: 140

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады

Ресей дайындап жатқан ғарыш кемесіндегі бір орынды қазақстандық иеленеді деп жоспарланып отыр.

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады, деп хабарлайды  Sputnik" Диапазон"-ға сілтеме жасап. 

Ақтөбеге келген "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтің айтуынша, Қазақстан "Байқоңыр" жердегі ғарыш кешенін салып жатыр. Ресеймен бірлесіп салынған зымыран тасымалдаушы "керосин — өттегі" таза отынымен жұмыс істейтін болады.  

"Ресей қазір ғарыш кемесін дайындап жатыр, ол 6 орынды болуы мүмкін, экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер болады. Кадр табылады, бізде бұл қадамға дайын мамандар көп ", — деді Айдын Айымбетов. 

Айымбетов ғарышқа 2015 жылдың қыркүйегінде ұшты. Орбитаға ол "Союз ТМА-18М" басқарылатын кемесінің бортинженері ретінде аттанды. Ғарышкер "Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы" жоғары мемлекеттік наградасына ие болды. 

Пікір қалдырыңыз

[X]