Таиландтан келген алматылық қыз денге безгегін жұқтырды деген ақпарат жалған – Бекшин - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиландтан келген алматылық қыз денге безгегін жұқтырды деген ақпарат жалған – Бекшин

Таиландтан келген алматылық қыз денге безгегін жұқтырды деген ақпарат жалған – Бекшин

Алматыда Таиландтан келген қыз денге безгегін жұқтырды деген ақпарат жалған. Бұл туралы бүгін «Бизнесті қолдау бойынша халықтың са

  • 29 Мамыр 2017
  • 328
Фото - Caravan.kz

Алматыда Таиландтан келген қыз денге безгегін жұқтырды деген ақпарат жалған. Бұл туралы бүгін «Бизнесті қолдау бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитарилық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алматы тұрғыны денге безгегін жұқтырды деген ақпарат жалған. Инфекциялық ауруханада көрсетілген азаматша ешқандай да денгемен ауырмайды. Алматыдағы әріптестеріміз туристер үшін денге безгегінің қаупі, жұғу жолдары жайында бейнематериал дайындап жатқан болатын. Телеарналар осы танымдық бейнематериалды қате түсініп, денге безгегін жұқтыру фактісі тіркелді деп ақпарат таратып жіберген. Осы орайда біз БАҚ өкілдерінен тек ресми материалдарға ғана сүйенуді сұраймыз», — деді бас еліміздің бас санитарлық дәрігері.

Ж.Бекшиннің айтуынша, Таиланд, Вьетнам, Сингапур, Малайзия сияқты елдерде мыңдаған адам денге безгегін жұқтырып жатады. Сондықтан ол елдерге қыдырып барған туристер барынша сақ болуы тиіс. Ал бұл індетті тарататын сары масалар Қазақстанда жоқ деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар