Түркияда Орталық Азия елдерінің жезөкшелікпен шұғылданған қыздары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда Орталық Азия елдерінің жезөкшелікпен шұғылданған қыздары ұсталды

Түркияда Орталық Азия елдерінің жезөкшелікпен шұғылданған қыздары ұсталды

Түркияның курортты Бодрум қаласында жезөкшелікпен шұғылданды деген күдікпен алты қыз ұсталды. Жеңгетайлық жасады деген күдікпен тағы екі түрік әйелі қолға түсті.

  • 13 Маусым 2017
  • 695
Фото - Caravan.kz

Бодрум аудандық полициясының өкілдері екі апта бойы қалаға бір ай бұрын келген қыздарды аңдыған. Олардың арасында Қырғызстанның үш, Ресейдің екі және Түркіменстанның бір азаматы бар.

Қыздар жұмыс табу мақсатында 43 жастағы С.Б. және 44 жастағы Х.Й.-мен танысқан, бұл екеуі жезөкшелікті ұйымдастырған.

Қажетті мәліметтерді жинаған Бодрум полициясы екі қызды автокөлікте сексуалдық қызмет көрсетіп жатқан жерінде, тағы екі қызды қарапайым киінген полиция өкілдерімен кездескен орында ұстады. Қалған қыздар Гумбет ауданындағы қонақүйде қолға түскен.

29 жастағы Ресей азаматы Н.В. полицияға былай деген: "Біз өте қымбат қонақүйде жұмыс істедік, сол себепті ақшамыз тез бітіп қалды. Бізге Бодрум қатты ұнады. Тапқан табысымыздың жарымын жеңгетайларға беріп отырдық".


Ұсталған қыздар Мугла облыстық полиция департаментінің көші-қон бөліміне жеткізілді. Оларды сол жерден департациялайды.

Соңғы жаңалықтар