Үйі тоналды делінген экс-шенеунік Темірхан Досмұхамбетов ұрланған миллиондар менікі емес деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйі тоналды делінген экс-шенеунік Темірхан Досмұхамбетов ұрланған миллиондар менікі емес деп отыр

Үйі тоналды делінген экс-шенеунік Темірхан Досмұхамбетов ұрланған миллиондар менікі емес деп отыр

Алматыда бұрынғы туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтің үйі тоналды деген ақпаратқа қатысты дау шығып жатыр. Бірақ мәселе миллиондарды кім ұрлағанында емес, олардың кімге тиесілі екенінде болып тұр.

  • 10 Тамыз 2017
  • 3111
Фото - Caravan.kz


Досмұхамбетовтің үйінен 3 миллион доллар мен 50 мың еуро және 150 мың доллар тұратын сағат ұрланғаны туралы бұрынырақ айтылған еді. Ал экс-министрдің өзі «КАРАВАН» газетінің тілшісіне берген сұхбатында үйдің де, ақшаның да өзінікі емес, бауырыныкі екенін мәлімдеді.

«Адвокаттың (күдіктінің адвокатын айтады – ред.) ақшаларды маған теліп, жағдайды не үшін дүрліктіріп жатқанын түсінбедім. Бұл қаржы менікі болса, одан бас тартпас едім ғой. Бірақ үш миллион доллар менікі емес. Адвокат не айтып отырғанын өзі де білмейді. Бір жағынан, ол жәбірленушінің менің бауырым екенін біле салысымен өзіне мен арқылы жарнама жасап алғысы келген сияқты» дейді Темірхан Досмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар