Ұстаздар сабаққа кешігіп келгендері үшін 1 000 теңге төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұстаздар сабаққа кешігіп келгендері үшін 1 000 теңге төлейді

Ұстаздар сабаққа кешігіп келгендері үшін 1 000 теңге төлейді

Ауызбастырық беруден ұстаздардан бөлек, ата-аналар да жалыққан. Алайда, білім ордасының басшысына қатысты шара қолдануға Астана әкімдігінің де шамасы жетер емес. Гимназиядағы былықты әшкерелеген наразы топ енді директорларының қызметтен кетуін талап етуде.

Астанадағы мақтаулы гимназияда даудың ушықпаса басылатын түрі жоқ. “Ақша жинайды” деп күдікке ілінген директордың былығын енді тек мұғалімдер емес, ата-аналар да әшкерелеп жатыр. Асан Оразаев солардың бірі. Айтуынша, ұлы үшін талай мәрт?

  • 3 Маусым 2017
  • 1241
Фото - Caravan.kz

Астанадағы мақтаулы гимназияда даудың ушықпаса басылатын түрі жоқ. “Ақша жинайды” деп күдікке ілінген директордың былығын енді тек мұғалімдер емес, ата-аналар да әшкерелеп жатыр. Асан Оразаев солардың бірі. Айтуынша, ұлы үшін талай мәрте ақша өткізген.

“Бір рет мектеп ішінде концерт өтетін болып, соған балам ақша сұрады. Мен мұны түсінбей қалдым. Өйткені, ұлым сол концертте өнер көрсетеді. Сонда не үшін ақша жинауы керек?” – дейді Астана қаласының тұрғыны Асан Оразаев.

Ұстаздар да құлқыны кең басшыдан әбден көресіні көрдік деп отыр. Айтуларынша, мұғалімдер сабаққа кешіксе мың теңге төлеуі тиіс. Ал, жұмысқа орналасу әлдеқайда қымбат. Ол үшін 60-70 мың қажет дейді ашынған ұстаздар. Оның үстіне, спорт залды ақылы түрде жалға беріп, оқушылар талай рет дене шынықтыру сабағынан қалған.

“Директор шақырып алады  завуч арқылы жаңадан келген мұғалімдер ақша жинап берсін дейді. Жұмысқа орналасқаны үшін ақша сұрап отыр”, – дейді №67 гимназияның мұғалімі Мәрзия Базарбекова.


67-ші мектептегі осындай дау-дамай екі айға жуық жалғасып келеді. Бірақ, директор Әльфия Мұсаеваға қатысты ешқандай шара қолданылмай отыр. Гимназияда қызметтік тексерісті бастаған Білім басқармасы болса, әзірге ақша жинау дерегі расталған жоқ дейді. Бірақ, бәрібір күдік бар.

Осы істі тереңірек зерттеп, тергеу жүргізу үшін Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына тиісті құжаттарды жібердік. Қазір тексеріспен солар айналысып жатыр. Мұны қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Ұлттық бюро ғана емес, парақорлық дендеді деліген мектепке Білім министрлігі де жақында тексеріспен бармақшы. Жазғы демалыс кезінде де, мазасы кеткен ұстаздар әділдікке жетпей тынбаймыз деп отыр.

Ал, күллі елге аты шыққан директордың аяқ-асты денсаулығы сыр беріп,уақытша демалыс алған. Қазір ол үйінде ем алып жатыр. Айтуынша, өз шындығы бар. Бірақ, Әльфия Мұсаева оны соттан кейін жария етемін дейді. Өйткені, пара алады деп айыптаған ұстаздарға қатысты сотқа шағымданып қойған.

Соңғы жаңалықтар