Жылы ауа райы батысқа қарай шегіне бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылы ауа райы батысқа қарай шегіне бастайды

Жылы ауа райы батысқа қарай шегіне бастайды

"Қазгидромет" РМК 31 қазан мен 2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер жылудың жайлап батысқа қарай шегінетінін айтып отыр.

  • 31 Қазан 2017
  • 187
Фото - Caravan.kz


Демалыс күндері кейбір облыстарда ауа температурасы 3-9ºС климаттық нормадан жоғары жылы ауа-райы байқалды. Мұндай ауа-райы Иран аймағынан Қазақстанға және Батыс Сібірге жылы ауа массаларының кең шығуымен байланысты.

Жақын үш тәулікте жылы, кей жерлерде жауын-шашынды ауа-райы оңтүстік және шығыс облыстарында сақталады. Батыс және солтүстік-батыс облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігінен ақырындап суық және дымқыл ауа массалары толтырыла бастайды. Сондықтан мұнда жауын-шашын, жаңбыр, дымқыл қар, тұман, ақырындап температураның төмендеуі және көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар